НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Бүгін, яғни 17 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Об этом сообщает Москов постскриптум

ЕСІМДЕР




62 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ дүниеге келді.

С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетін және Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Тарихшы, тарих пәнінің оқытушысы, экономист, заңгер, с.ғ.д., профессор. Қызылорда педагогикалық институтының оқытушысы, деканы, Қазақ мемлекеттік университеті Қызылорда филиалының директоры, Қызылорда гуманитарлық-заң колледжінің директоры, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі болған.

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.

«Құрмет» орденімен және төрт медальмен марапатталған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» құрметті атағы бар.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/17-mausym-tugan-kun-ieleri_a3661821”

©1info.net