Соңғы бес айда 49 инфекция бойынша сырқаттану төмендеді — министрлік


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елімізде осы жылдың 5 айында 49 инфекция бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает РуссианГейт

«Қазақстан Республикасы бойынша коронавирус инфекциясын қоспағанда, инфекциялық ауруларға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 64 инфекциялық ауруға мониторинг жүргізілуде. Бес айдың қорытындысына сәйкес 49 инфекция бойынша сырқаттанушылық төмендеді. Осы жылы адамдардың оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызамық және басқа да инфекциялық аурулармен сырқаттануы тіркелген жоқ. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сальмонеллёзбен, қызылшамен, іріңді менингитпен, серозды менингитпен, туберкулёзбен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалды. Ал жіті вирустық гепатитпен, ботулизммен, скарлатинамен сырқаттанушылықтың 4,3 есе өсуі байқалды», — деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан аумағында аса қауіпті инфекциялар — оба, туляремия, геморрагиялық қызбалар, күйдіргі және басқа да зооноздық инфекциялардың белсенді табиғи ошақтары бар. Оба және басқа да табиғи-ошақтық инфекциялардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Осы жылдың 5 айында обаға қарсы күрес ұйымдары зертханалық зерттей отырып, 223,1 мың шаршы шақырымды және 4 млн эктопаразиттер мен кеміргіштерді тексерді, обаның 14 қоздырғышы бөлінді. Бұл — қоздырғыштың циркуляциясын көрсетеді.

«Обаға қарсы күрес станциялары 21 елді мекеннің айналасында қорғаныш аймағын құрды. кенттік дератизация, кенттік дезинсекция жүргізді. Обаға қарсы 50 мыңнан астам адам егілді. 2020 жылғы 12 маусымдағы жағдай бойынша, Конго-Қырым геморрагиялық қызба (КҚГҚ) ауруының 3 жағдайы расталды. Оның ішінде 2 жағдай Түркістан облысы тұрғындарының арасында және Жамбыл облысында — 1 жағдай», — деді министр міндетін атқарушы.

Ләззат Ақтаеваның дерегінше, КҚГҚ алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет КҚГҚ бойынша қолайсыз 313 елді мекеннің айналасында санитариялық-қорғаныш аймағын құрды.

«Жергілікті атқарушы органдар КҚГҚ бойынша қолайсыз аймақта кенеге қарсы 5,8 бас малды, 1001 елді мекенде 362 мал қорасын өңдеді. Ауданы 19,8 шаршы шақырым буферлік аймақ құрды», — деді ол.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/songy-bes-ayda-49-infekciya-boyynsha-syrkattanu-tomendedi-ministrlik_a3663545”

©1info.net