Петропавлда улы газ датчигі көпбалалы отбасын құтқарып қалды


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда құтқарушылар орнатып кеткен улы газды анықтайтын датчик бір үйлі жанды өлім аузынан құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://kompromat1.top

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Петропавл қаласының тұрғыны Әсел Токина әдеттегідей ұйықтар алдында пеш жаққан. Кейін жанып жатқан көмірдің үстіне қоқыс жиналған полиэтилен пакетін тастаған. Ал онда пластмасс ойыншықтардың сынған бөлшектері болған. Төрт баласын жатқызып, теледидар көруге отырған ол, қалғып кеткен.

Келіншек қатты дыбыстан оянған. Датчик іске қосылған екен. Қою ащы түтін кіреберістен үйге ене бастаған. Жанған пластик пеш оттығынан ағып, түтіндеп өткір иіс бөлген.

«Бізге өртке қарсы дабыл орнатылмағанда аман қалуымыз неғайбыл еді. Көк түтінді көріп, бірден есік-терезені аштым. Күйеуім жұмыста болатын. Қазір оны ойлаудың өзі қорқынышты. Сіздердің қызметкерлеріңізге үлкен рахмет. Сіздер біздің отбасымызды аман сақтап қалдыңыздар», — деп Әсел Токина департамент басшысының атына алғыс хат жолдады.

Мамандардың айтуынша, өңірде көпбалалы отбасылардың үйлеріне түтін және улы газды сезетін 400-ден астам құрылғы орнатылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/petropavlda-uly-gaz-datchigi-kopbalaly-otbasyn-kutkaryp-kaldy_a3604901”

©1info.net