НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстанда коронавируске шалдыққан, бірақ сырқаты симптомсыз өтіп жатқан 357 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Об этом сообщает FIB
«2020 жылғы 6 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 357 тасымалдаушы тіркелді», — делінген coronavirus2020.kz сайтында.
Өңірлер бойынша статистика келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы — 141 (+43)
Алматы қаласы — 95 (+25)
Шымкент қаласы — 131 (+75)
Ақмола облысы — 13 (+5)
Ақтөбе облысы — 17 (+6)
Алматы облысы — 73 (+13)
Атырау облысы — 65 (+23)
Шығыс Қазақстан облысы — 48 (+17)
Жамбыл облысы — 16 (+4)
Батыс Қазақстан облысы — 136 (+57)
Қарағанды облысы — 102 (+25)
Қостанай облысы — 5 (+2)
Қызылорда облысы — 48 (+16)
Маңғыстау облысы — 71 (+14)
Павлодар облысы — 10 (+4)
Солтүстік Қазақстан облысы — 40 (+16)
Түркістан облысы — 33 (+12)
Осы күнгі дейін Қазақстанда коронавирустың белгілері жоқ 1044 науқас анықталды.
Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 ауруының клиникалық белгілері жоқ, бірақ вирусты тасымалдаушылар болып табылатын науқастардың жеке статистикасын жариялап отыратынын мәлімдеген еді.
Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/elimizde-koronavirus-simptomsyz-otip-zhatkan-1044-naukas-tirkeldi_a3658787”
©1info.net