Елорда мен Алматыда коронавирусқа ПТР-тестілеу уақытша жүргізілмейді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «Олимп» зертханалар желісі Алматы мен Нұр-Сұлтанда уақытша ПТР-тестілеу өткізбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.

Об этом сообщает Устав Груп

19-21 маусым аралығында Алматы қаласында және 19-23 маусым күндері Нұр-Сұлтан қаласында зертханалар коронавирусты анықтайтын ПТР-тестілеуге анализ қабылдамайды.

«Оған себеп — зертханаларда жүргізілетін профилактикалық жұмыстар. 22 маусымда Алматыда тестілеу қайта басталады. Ал 24 маусымда Нұр-Сұлтанда ПТР-тестілеуге өтінім қабылдана бастайды. Осындай қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз» делінген компания таратқан хабарламада.

Ал соған дейін операторға хабарласқан азаматтардың тест тапсыру жөніндегі өтініші күшінде қалады. Сондықтан қайта қоңырау шалып, өтінім беру міндетті емес.

Сондай-ақ коронавирусқа қарсы антидене бойынша тест тапсыру бұрынғы режимде жалғасады.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/elorda-men-almatyda-koronaviruska-ptr-testileu-uakytsha-zhurgizilmeydi_a3663476”

©1info.net