Еркін күрес: Mattaeo Pellicone турнирінде қазақстандықтар алғашқы медалін иеленді


РИМ. ҚазАқпарат — Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен «Mattaeo Pellicone» халықаралық турнирі жалғасуда. Қазақстан сапынан алғашқы медальді 125 келідегі Юсуф Батырмурзаев жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Об этом сообщает http://kropivnickiy.top

Батырмурзаев алғашқы айналымда ирандық қарсыласынан ұтылған болатын. Алайда, Иран балуаны финалға шығып, қазақстандық спортшы қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Юсуф Батырмурзаев неміс балуанын жеңіп, қола жүлдені еншіледі. 97 келіде Қазақстан намысын қорғаған үш балуан да алғашқы айналымда жеңіліс тапты.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/erkin-kures-mattaeo-pellicone-turnirinde-kazakstandyktar-algashky-medalin-ielendi_a3605059”

©1info.net