НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемде өтетін болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Об этом сообщает http://sitetalkzone.com
Негізі, әу баста 37 жастағы қазақстандық спортшы рингке 8 немесе 29 ақпанда оралады деген жоспар болған. Дегенмен, польшалық Камил Шереметамен өтетін титулды айқас 28 наурызға белгіленді. Шеремета IBF желісі бойынша Головкиннің міндетті қарсыласы, ал жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтуі мүмкін.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында украиналық боксшы Сергей Деревянченконы жеңіп, өзінің IBF белбеуін қайтарып алған болатын.
Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/gennadiy-golovkinnin-kelesi-zhekpe-zhegi-koktemde-otetin-boldy_a3600250”
©1info.net