Сансызбай Есілов: Елбасының тез арада жазылып шығуына тілекшіміз


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Нұр-Сұлтан қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тілеп, еліміздің барлық азаматын карантин талаптарын сақтауға шақырды.

Об этом сообщает Russiangate

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші бізді алаңдатып отыр. Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар беріп, Үкімет тарапы орындағанмен бәсеңдемей отыр. Бұл індеттің қауіптілігінің белгісі. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа қарсы тест сынамасы оң нәтиже көрсетті деген хабар шықты. Елбасының тез арада емделіп шығуына тілекшіміз. Ол – еліміздің өсіп-өркендеуі үшін аянбай еңбек еткен, рухы мықты адам. Бұл қиындықты оңай жеңіп шығады деп сенемін», — дейді Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Ол сөз арасында індеттің қауіптілігін айтып, мамандар тарапынан берілген нұсқауларды сақтауға шақырды.

«Коронавирус инфекциясына сенбей отырғандар бар. Дәрігерлер тарапынан қойылған міндеттерді орындамаудың салдарынан соңғы уақытта індетке шалдыққандар күрт артып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет барлық азаматты дерттен сақтанып, карантин талаптарына мұқият болуға шақырды. Бұл адамзатқа төніп тұрған қауіп. Тәртіпке бас иген құл болмайды. Сол себепті әрқайсымыз тиісті талаптарды орындап, өзімізге де, өзгеге де қауіп төндіруден аулақ болайық!» — деді Сансызбай Есілов.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sansyzbay-esilov-elbasynyn-tez-arada-zhazylyp-shyguyna-tilekshimiz_a3663422”

©1info.net