Формалдық логика негіздері: Манипуляцияға ұрынбас үшін не істеу керек? ІІІ бөлім

Бізді манипулияцияға жиі түсіретін логикалық айла-тәсілдерді зерттеуді жалғастырамыз.

Об этом сообщает Устав


Бірінші бөлімде біз логиканың төрт негізгі заңымен (айла-тәсілдер осы заңдарды айналып өту арқылы жасалады) таныстық. Екінші бөлімде логикалық айла-тәсілдердің ignoratio elenchi («тезисті ауыстыру») және argumentum ad hominem («жеке басқа өту») сияқты мысалдарын қарастырдық. Ал бұл бөлімде біз petitio principii, яғни «негіздемені болжау» айла-тәсілімен танысамыз. Себебі ол күнделікті өмірде көп кездеседі.


Содержание / Мазмұны



Petitio principii – «негіздемені болжау»


Бұл логикалық айла-тәсіл логиканың «толық негіздеме» деп аталатын төртінші заңын бұзады. Ол формалдық болмағандықтан (яғни қатені тек дұрыс құрастырылмаған логикалық тізбек арқылы анықтау мүмкін емес) оны анықтау өте қиын.


Әлеуметтік желіде, көбінесе, дәл осы айла-тәсіл қолданылады. Бұл – қандай да бір затқа, адамға немесе құбылысқа байланысты өз ой-пікіріңді дәлелдеу үшін күмәнді аргумент (себебі оның өзін дәлелдеу керек) қолдану.


Оның ең айқын мысалы – бұған дейін біраз айтылған менингит ауруы және одан бірнеше адамның қайтыс болуына байланысты туындаған дүрлігу. Мессенджерлерде тараған хабарламалардың мағынасы мынандай еді: «Егер менингитпен бірнеше адам ауырып, қайтыс болса, онда қалғанымыз да ауырып, қайтыс болумыз мүмкін».

Шындығында, бұл ауруды менингококтық жұқпаны таратушымен байланысқан және иммунитеті әлсіз адам ғана жұқтырып алуы мүмкін еді.



Дәл осындай мысалға банктердің банкрот болып, жақын арада жабылуы туралы хабарламаларды да жатқызуға болады:


Егер осы уақытқа дейін Қазақстанның екі банкі өз тұтынушыларына қызмет көрсете алмай қалса, онда басқа банктер де құриды.



Расында, әр банктің қаржылық жағдайы әртүрлі және әрқайсысын жеке қарастыру қажет.


Келтірілген екі мысалдан шығатын қорытынды: Біреумен болған жағдай міндетті түрде басқалармен де қайталанады деген сөз емес.


Мұндай манипуляциядан қорғанудың бір-ақ жолы бар, ол – күмән тудырған әр мәлімдеменің дәлелін сұрау немесе фактілерді растауды талап ету.



Келтірілген аргументтер, көбінесе, шындық ретінде ұсынылады. Мысалы «Барлығымыз білетіндей…», «Бұл күмән келтірмейді…» деген сияқты сөз тіркестері кездесуі мүмкін.


Бұл petitio principii айла-тәсілінің әртүрлі (және көптеген) нұсқасын пайдалану.


«Барлығымыз білетіндей…» деп айту – argumentum ad populum («көпшілікке жүгіну» немесе «нақты әрі айқын заттарға жүгіну») айла тәсілін қолданудың айқын мысалы. Яғни барлығы солай деп санаса, ол шындық деген сөз.



Шындығында, бәріне бірдей белгілі зат жоқ, ал көпшілік жиі қателеседі.


Petitio principii айла-тәсілінің тағы бір түрі, яғни argumentum ad verecundiam айласы көп қолданылады және ол өте қауіпті. Argumentum ad verecundiam сөз тіркесі «қарапайымдылық аргументі» деп аударылғанымен, мағынасы керісінше «адамның беделіне жүгіну» дегенді білдіреді. Яғни адам кішіпейілділік танытып, басқа беделді адамның ой-пікіріне ілесіп, оның айтқанын шындық ретінде қабылдауы.


Сізге біреудің қандай да бір ой-пікірін қабылдау зорлап міндеттеледі. Себебі беделді адам бұл ой-пікірді дұрыс деп санайды.


Бұл айла-тәсіл жарнама кезінде көп қолданылады. Онда атақты адамдар түрлі тауар, техника және тағы сол сияқты заттарды «сатады».


Тіпті жарнама жасаушылар өтірік айтып, жалған қоғам белсенділерін пайдаланудан тайынбайды: олар, көбінесе, толып жатқан «тіс дәрігерлері, терапевттер немесе қаржыгерлер қауымдастығы» деген сияқты жалған ұйымдарға жүгінеді. Олардың өз кезегінде тек арнайы тауардың жарнамасы үшін ғана құрған.



Мұндағы ең басты қате – кейбіреулер белсендінің ой-пікіріне ілесіп қана қоймай, оның пікірі әрқашан дұрыс екеніне сенеді. Алайда футболшы қытырлақ картоптың, ал боксшы банк мәселесінің маманы емес, ең мықты экономистер де талай рет қателескен болса, жалған тіс дәрігерлерінің басты мақсаты – сізге кәдімгі тіс пастасын жаңа қаптамада сату.


Сонымен қатар argumentum ad verecundiam айла-тәсілі адамдарды саяси манипуляцияға түсіру үшін жиі қолданылады. Ол кезде, көбінесе, қандай да бір саяси процесстерге, қозғалыстарға, адамдарға баға берген (уақыт өткен сайын көп нәрсе өзгеріп, жасырын заттар жария болуы мүмкін) саяси тұлғаларға сілтеме жасалады. Осыған қоса бұл айла саяси үгіт-насихат кезінде саясатпен айналыспайтын адамдарды (спортшылар, әртістер және т.б.) пайдаланады.


Petitio principia айла-тәсілінің басқа да түрлері кездеседі:


Argumentum ad antiquitatem – «дәстүрге жүгіну»



Өткен заманнан бері адамның өмір сүру жағдайы өзгерді, ғылым қарыштап дамыды, қоғамның құндылықтары ауысты және т.б. Егер «бұрын» ер адам әйелді соғып, оған ештеңе болмаса, қазір ол заңның алдында жауап береді. Ал бұрын адамдар жарақатқа тиген топырақтан қайтыс болса, қазір түрлі дәрілердің арқасында аман-есен қалады.


Argumentum ad ignorantiam – «Білместікке жүгіну»


Argumentum ad nauseam – «Жиіркенішке жүгіну»


Қысқаша айтқанда, қандай да бір тезисті қайталай беру. Сонда қарсыластың шыдамы таусылып, өз ой-пікірін дәлелдеуден шаршап кетеді.



Бұл әлеуметтік желіде көп кездеседі.


«Сіздер сексистсіздер (фашистсіздер, басқа кім болса да)! Жоқ, сіздер сексистсіздер! Жоқ, сіздер сексисттер сияқты ойлап, әрекет істейсіздер…». Қарсылас бұл ой-пікірді жоққа шығарудан жалығып, келісе салады: «Жарайды, біз сексистпіз (фашистпіз, басқа кім болса да), бірақ…» деп кішкене болса да қарсы тұруға әрекет істейді. Алайда ары қарай талқыланбайды, себебі айла-тәсілдің мақсаты орындалды.


Argumentum ad misericordiam – «Қайырымдылыққа жүгіну»


Argumentum ad baculum – «Мәжбүрлікке жүгіну»


Мұны аргумент деп айтудың өзі қиын. Қысқаша айтқанда, қарсыласты басқа біреудің ой-пікірімен келісуге мәжбүрлейді. «Егер сіз келіспесеңіз, онда жаман бір нәрсе болады».


Қорытынды бөлімде біз келесі айла-тәсілдермен танысамыз:


  • Non sequitur – «қажет емес».
  • Idem per idem – «сол нәрсе сол арқылы», «қайталана беру».
  • Fallacia fictae universalitatis – «өтірік жалпылау».
  • Post hoc, ergo propter hoc – «кейін» деген «себебі» емес».


* Материалды орыс тілінен аударған: Балнұр Қожагелді


Источник: “https://factcheck.kz/kaz/glavnoe/formaldyk-logika-negizderi-manipulyaciyaga-urynbas-ushin-ne-isteu-kerek-iii-bolim/”

©1info.net